Әзірге өлім себебі белгісіз
Таиланд астанасы Бангкокта орналасқан Grand Hyatt Erawan қонақ үйінде алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Matichon басылымының хабарлауынша, марқұмның үшеуі – ер, үшеуі – әйел адам. Олардың бесеуі бөлмеде, бір адам бөлме сыртынан табылды. Қаза тапқандар – Вьетнам азаматтары, олардың екеуінде АҚШ азаматтығы болған.
Қайғылы оқиға орнына Таиланд премьер-министрі Сетха Тависин келді, ол мұқият тергеу жүргізуді тапсырғанын айтты.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өлім себебі уланудан болуы мүмкін. Бастапқыда атыс туралы хабарланған, бірақ бұл нұсқа жоққа шығарылды.