Астанада сауда үйінен өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Астана қаласының құтқарушылары Байқоңыр ауданындағы «Ажар» сауда үйіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қ. ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасады», - делінген хабарламада.

Өрт болған кезде ғимаратттың ішінде адамдар болмаған.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 ш.м. алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Тегтер: