Бүлдіршін алдымен үлкен әпкесімен аулада ойнаған, ал кейінірек қыз оны көзден таса еткен
Көкшетау қаласының полиция басқармасына орталық базар ауданында 4 жасар баланың адасқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы хабарлама бойынша Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде баланың тұрғылықты мекенжайы анықталды. Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен табыстады.
«Олардың айтуынша, олардың ұлы алдымен үлкен әпкесімен аулада ойнаған, ал кейінірек қыз оны көзден таса еткен. Сәбидің ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қазіргі уақытта бала үйінде», - делінген хабарламада.