14 адамға қатысты тергеу жүргізілуде
Шымкент және Алматы қалаларының аумағында қылмыстық әрекет жасаған жастар тобы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ұстады. Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген», - деп хабарлады полиция.
14 адам ұсталды. Тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.