Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, үйіне шығарылды
Қалалық денсаулық сақтау басқармасында айтылғандай, тағы бір ер адам, Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны, ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Ол реанимация бөліміне жатқызылып, үш күн бойы қажетті ем алды.
Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, өкінішке қарай ол есін жимастан қайтыс болды.
Бұған дейін үш адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен аурухана түсіп, оның екеуі үйіне шығарылған болатын.
Қазір тағы бір науқасқа күдік бар, оның Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына анализдерін мамандар тексеріп жатыр.