Оралда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бала жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: freepik.com

Орал қаласында 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға 15 шілде күні «Астана» шағына уданында болды, деп хабарлады.

«Сағат 12:52-де 20-шы үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», - деп хабарлады ведомство.

Айта кетерлігі, Оралда 7 шілде күні күндіз бес жасар екі бала бесінші және үшінші қабаттардың терезелерінен әр түрлі уақытта құлап кетті