ШҚО-да жолдарынан адасып қалған мотоциклшілер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар таулы аймақта мотоциклмен жүріп адасып кеткен

Фото: ТЖМ

Алтай ауданы Северное ауылы маңында мотоциклшілер қиын жағдайға тап болып, жолға шыға алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, олар таулы аймақта мотоциклмен жүріп адасып кеткен, кейін олар құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ қызметкерлері 1994 және 1982 жылы туған ер адамдарды тауып, Өскеменге қаласына жеткізді.