Жетісу облысында суға батып кете жаздаған ер адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған медициналық көмек қажет болмады

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Алакөл ауданында Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары 2000 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ол өз күштерін есептемей, қалтқыларға дейін жүзіп, сумен тұншыға бастаған. Медициналық көмек қажет болмады.