Ақмола облысында екі шенеунік төбелесіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот отырысы өтті 

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шенеуніктер 2024 жылдың мамыр айында әкімдік ғимаратындағы жұмыс орнында жанжалдасып, төбелесіп қалған.

Істі тергеп-тексеру барысында сараптама тағайындалып, нәтижесінде екеуі де бір-біріне жеңіл зиян келтіргені белгілі болды.

Алайда, тараптар сот барысында кінәсін мойындамаған.

«Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары «А.» және аппарат басшысы «Б.» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», делінген облыстық соттың хабарламасында.

Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.