Қызылорда облысында 52 жастағы азамат коронавирус жұқтырған
Өңірде қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 187 адамға жетті
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 52 жастағы әйел адам – Қызылорда қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Әйелден пневмония белгісінің және дене қызуының болуына байланысты ПТР анализдері алынған. Диагностикалық зерттеулер оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.
«Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем алуда. Ауру ошағында індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, аурудың жұғу жолы мен қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - делінген Шұғыл штаб хабарламасында.
Қазіргі уақытта өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын 187 адам жұқтырған.
Науқастар арасында емделіп шыққандар саны — 111, ем қабылдап жатқандар саны — 76 адам.