Алматыда екі бойжеткен көше ортасында шаш жұлысып, төбелескен

Автор: Azattyq Rýhy

Аталмыш дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде

Фото: astanatv.kz

Алматыда екі бойжеткен шаш жұлысып, айқасып қалды. Оқиға «Asia Park» ойын-сауық орталығының жанында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Қыздардың бұл былығы бейнетаспаға түсіп қалыпты. Бейтаныс ер адам оларды ажыратуға тырысады. Бірақ, қанша оқталса да, дес бере қоймаған. Алматы қаласының Полиция Департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

 «Аталмыш дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталып, олардың іс-әрекеттеріне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.