Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
Қызылорда қаласында төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін 5 қабатты тұрғын үйде болды. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.
«Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар! Еске саламыз: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; балаларға ересектердің қарауынсыз үйден шығуға рұқсат бермеңіз», - деп ескертеді төтеншеліктер.