Атырау облысында қарақұрт уынан 6 адам реанимацияға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Оның бірі – бала

Фото: pixabay.com

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қарақұрт шабуылы өңірдің құмды аудандарында байқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл – Индер, Исатай және Құрманғазы аудандары.

Жәндіктердің шағуынан алты адам реанимацияға түсті, олардың екеуі - бала, деп хабарлайды «Мой город».

«Облыстық жедел жәрдем станциясында қарақұрттар шабуылының екі жағдайы тіркелді – Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз адам облыстық ауруханада емделуде, олардың төртеуі реанимацияда. Тағы үшеуі инъекция алды», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін 397 түйенің зардап шегіп, жәндік уынан 63 жануардың арам қатқанын жазған едік