Зиратқа қарай шыққан: Ақмола облысында 5 адам жоғалып кетті

Azattyq Rýhy

Жаңбыр жауғандықтан, олардың көлігі батпаққа батқан 

Зиратқа қарай шыққан: Ақмола облысында 5 адам жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

Адасып кеткен ауыл тұрғындарын Ақмола облысының полицейлері іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Степногорск қаласының полиция басқармасына 6 шілдеде таңғы сағат 10.30 шамасында 5 адамнан тұратын топ Аudi автокөлігі жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті.

Олар Қараоқты ауылына қарай зиратқа кетіп, бір тәулік бойы байланысқа шықпаған.

«Бізді қатты алаңдатқаны бұл топта зейнеткер болды. Ол жасына байланысты мұндай сапарды көтере алмауы мүмкін еді», – деп бөлісті Степногорск қаласы ПБ Бестөбе кентінің полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Сұлтанғазиев.

Полицейлер Степногорск қаласынан 30 шақырым жерде жоғалып кеткен жүргізушіні тапты.

«Жаңбырдан кейін оның көлігі батпаққа кептеліп, істен шыққан, өзі әлсіреген. Жүргізуші қалаға жаяу бармақ болып, бірақ адасып кеткен. Далада бір тәулікке жуық уақыт өткізген, шаршаған ауыл тұрғыны бірден шамамен 2 литр су ішті», - деді Нұрбек Сұлтанғазиев.

Айта кету керек, далада арнайы құралдарсыз біреуді табу өте қиын, бірақ жайлаудың бірінде жағдайлардың сәтті үйлесуіне байланысты полиция қызметкерлері көлікті қай жерде көргендерін көрсеткен шопандармен кездесті. Әрі қарай іздеуді жалғастырды.

Осылайша іздеу тобы далада 10 сағаттан астам уақыт өткізді. Нәтижесінде ауыл тұрғындары Изобильное ауылынан шамамен 30 шақырым жерде табылды. Жоғалғандарды полицейлер тамақтандырып, қажетті көмек көрсетті. Олардың барлығы дін аман және ешқандай  жарақат алмаған.

ПБ Бестөбе кентінің полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Сұлтанғазиев, кезекші бөлімнің инспекторы Бақытбек Кәрімов және ювеналды полиция тобының инспекторы Әсемгүл Әбенова істің оң аяқталуына атсалысты.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.