Он жастағы бала Каспий теңізіне ағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетті

Фото: ТЖМ

Маңғыстау облысында 10 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2014 жылы туған баланы құтқарып, жағаға жеткізді. Белгілі болғандай, оны үрлемелі шеңбер жағадан алысқа алып кеткен. Медициналық көмек қажет емес еді», - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Еске салайық, бүгін Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 шақырым қашықтыққа жүзіп, қайта алмаған 6 жасөспірім құтқарылды.