10.07.2024, 15:07
Оқиғалар
Атырауда жанжал соңы 17 жасар жасөспірімнің өлімімен аяқталды
Марқұмның 18 жастағы ауылдасы күдікке ілінді
Фото: Әсет Құндақбаев
Атырауда жанжал соңы 17 жасар жасөспірімнің өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында жергілікті мектепті бітірген.
«Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған жігіт. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады полиция департаменті.
Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды