Аталмыш дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелген
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында әйел адамға найзағай түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға 7 шілде күні сағат 17.00 шамасында болған. Көл жағасында демалып жатқан 39 жастағы ресейлік әйел кенеттен болған оқыс оқиғадан көз жұмған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға найзағай түскені жөнінде хабар келген. Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш деректің жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін жеткізді.