Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа дәрежеде

Фото: depositphotos.com

Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті. Бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін, 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.