Ол кінәсін мойындаған жоқ
5 шілде күні Қайрат Нұртас ұшақ бортында жолаушыны ұрғаны үшін он бес тәулікке қамалды. Жанжалдың екінші қатысушысы және әншінің бұрынғы досы да жауапкершіліктен құтылып кете алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайрат Нұртас сот барысында өзінің бұрын дос болған танысы Асылбек Бекқайыров ұшақтағы сапарда әншіні өзінің тойына шақырғанын айтты. Алайда, бұл диалог соңы дөрекі формадағы төбелеске айналған.
Алматы соты тек Қайрат қана емес, Бекқайыровтың да жазаланғанын хабарлады.
«Алматы-Астана бағыты бойынша Б. ұшақтың бортында болған кезде А.-мен ауызша жанжал төбелеске ұласқан. Ұшақтың бортындағы төбелес кезінде балағат сөздер айтылған. Б. өзінің іс-әрекетімен қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды», - деп хабарлады Алматы сотында.
Бекқайыров кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот шешімімен он тәулікке қамалды.
Қаулы әлі күшіне енген жоқ.