05.07.2024, 21:58
Оқиғалар
БҚО-да сейф ұрламақшы болған жігіт ұсталды
Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған
Видеодан алынған кадр
Маусымның 28-інен 29-на қараған түні қаладағы кеңселердің біріне белгісіз біреу еніп, кеңседен темір сейфті көтеріп алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сейф ішінде 1 миллионға жуық қаражат болған.
«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 26 жасар облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған сейф тәркіленді», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді