Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам бұзақылық жасаған. Ол аялдаманың бірінде терезені сындырған.
«Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Күдікті ұсталып, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.