Зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді
Қала тұрғынының айтуынша, жексенбі күні, яғни 30 маусымда, түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгердің сөзінше, оны ұрып-соғып, нәтижесінде ол ми шайқалуы, параорбитальды гематома және бетінде көптеген көгерулер алған.
Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккенді дәрігерлер қарап шығып, медициналық көмек көрсетіп, амбулаторлық емдеуге жіберді.