Антальяда мыңдаған турист өз рейстерін күтуге мәжбүр

Автор: Azattyq Rýhy

Әуежай қызметкерлері жұмыс істеуден бас тартты

Фото: istockphoto.com

Анталья әуежайында халықаралық рейстер кешіктіріліп жатыр. Кідірістердің негізгі себебі – еңбек жағдайларына наразы әуе диспетчерлерінің ереуілі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуежай қызметкерлері жалақыларын көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етуде.

Анталья әуежайының қалыпты жұмысының бұзылуы - авиакомпаниялар үшін үлкен қаржылық шығын. Ал жолаушылар мұндай жағдайға тап болғаны үшін ашулы.