Жетісу облысында жел ұшырып әкеткен үш турист құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізді

Видеодан алынған кадр

Жетісу облысында катамаран суда жүзген үш азамат өлім аузынан аман қалды, деп Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен, сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмады», - делінген хабарламада.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет емес.