Қызылордада ер адам мүмкіндігі шектеулі бала мен оның ата-анасын ұрған (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада ер адам мүмкіндігі шектеулі бала мен оның ата-анасын ұрған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Оқиға Қызылорда облысында болған. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кикілжің алдымен 7 және 13 жастағы балалар арасында туындаған. Кейін оған ата-аналары араласқан.

«Менің інім 13 жаста, мүмкіндігі шектеулі. Есік алдында отырғанда қонаққа келген адамдар ініме тиісті. Ініме тиісіп қана қоймай, оған көмекке келген анамды да ұрып жыққан. Менің інім әлсіз, не болса да, үндемей отыра береді. Кейін оларға көмекке шыққан әкеме екі еркек жабылып, ұрып тастаған», - дейді жәбірленушілер тарапы.

Қызылорда облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Назарға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.