Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда мопедист әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінен хабарланғандай, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 02:50-де Наурызбай ауданында болған.
«Мопед жүргізушісі 2002 жылы туған Қазақстан азаматы Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастағы жаяу жүргіншіге соқтығысты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.