Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды

Azattyq Rýhy

Апат салдарынан бір көлік мыжылып қалған

Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 28 маусымда Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода апатқа ұшараған көліктердің бірі мыжылып қалғаны көрінеді.

Апат салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Аймақ полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырады. Автокөлікті басқару кезінде жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігі өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз», - делінген ПД хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.