Шахтинск қаласында аурухана өртенді (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Техника жанып кетті

Фото: видеодан скриншот

Шахтинск қалалық ауруханасында техника өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметтері бойынша, Шахтинск ауруханасының үшінші қабатындағы кабинетте кеңсе техникасы – принтер мен компьютер өртенді. Медициналық мекеменің қызметкерлері түтінге оранған бөлмеден шығып үлгерді.

Өрт сөндірушілер өртті сөндірді, ешкім зардап шеккен жоқ.