Төтенше жағдай 28 маусым күні таңертең болды
Екібастұз МАЭС-1-де апат болды, нәтижесінде бірнеше энергоблоктың жұмысы тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 28 маусым күні таңғы сағат 05:24-те Екібастұз МАЭС-1-де технологиялық бұзылуларға байланысты № 2, 3, 4, 7 энергия блоктарының жұмысы тоқтаған.
«Станция генерацияны 2080-ден 320 МВт-қа дейін төмендетті. Қазіргі уақытта жұмыста № 2, 4, 8 энергия блоктары бар. Станцияның генерациясы 971 МВт құрайды. Қалған блоктарды қосу бойынша іске қосу операциялары жүргізілуде», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Оқиға фактісі бойынша атом және энергетикалық қадағалау комитеті жүргізетін тергеу басталды.