Түрік тарапы қазақстандықтарды еліне қайтарудан бас тартты – СІМ

Автор: Azattyq Rýhy

24 сәуірде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз еліне оралды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарды Түркиядан қайтару мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

«24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз еліне оралды. Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты», - деді Айбек Смадияров.

ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі Қазақстан азаматтарының Отанына оралуына көмектесу жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.