Астана маңына блокпостар қойылып жатыр – қалаға кіріп-шығуда кедергі бола ма (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

3-4 шілде күндері елордада ШЫҰ саммиті өтеді

Фото: polisia.kz

Бүгін Сенат кулуарында журналистерді сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев  ШЫҰ Саммитіне байланысты қала маңына блокпостар қойылып жатқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтпек.

«Қазір полиция күшейтілген режимдегі жұмысқа ауысты. Елімізде, Астанамызда геосаяси мәселелерде саяси салмағы бар үлкен іс шара-өткелі жатыр. Сондықтан, полиция күшейтілген режимге көқшті. Бұл Қазақстанда  ғғана емес, әлемде бар тәжрибе бар. Біз халықтың қауіпсіздігі үшін, халыққа ыңғайлы болу үшін тиісті шаралар қабылдап жатырмыз», - деген ол Астана маңында блокпостар орнатылған растады.

Дегенмен, министрдің орынбасары неше блокпост қойылып жатқанын құпия күйінде сақтауды жөн көрді. Дегенмен, Марат Қожаевтың айтуынша, ШЫҰ кезінде Астананы шамамен 6-7 мың полиция қызметкері патрульдейді.

«Бірақ, қала тұрғындарының жүріп-тұруына кедергі болмайды. Қала жабылмайды», - деп мәлім етті Қожаев.