Қарағандыда өрттен 28 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде 8 бала бар 

Фото: ТЖМ

Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз жанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.