Алматыдағы жол апаты: жеңіл көлік жүргізушісі қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда

Фото: depositphotos.com

Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, рөлде әйел адам болған. 

«Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.