Он пойыз кестеден кешікті: «Жолаушылар тасымалы» кешірім сұрады

Azattyq Rýhy

Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келді

Он пойыз кестеден кешікті: «Жолаушылар тасымалы» кешірім сұрады
Фото: видеодан скриншот

Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кеткен жерде пойыз қозғалысы қалпына келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі кешіккен пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Жолда қалып қойған 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш пойыз және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.

«Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдап жатыр. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Апат салдарынан 10 пойыз кестеден кешікті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.