150 шаршы метр алаң өртенді
Түркістан облысының Түлкібас ауданында 8 жабық вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккендер жоқ.
«Вагондар бүйіріне аударылып, жоғары вольтты электр желісіне зақым келді. Салдарынан шпалдар мен қураған шөптер өртенді», - деп хабарлады ТЖМ.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 ш.м. алаңда өртті жойды.