Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен
Павлодар қаласында Усолка өзенінің сол жағалауында 1995 жылы туған ер адамның денесі судан шығарылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, өзіне қол жұмсаған.
Жедел жәрдем қызметкерлері реанимациялық көмек көрсеткеннен кейін ер адамның биологиялық өлімі тіркелді.