Есірткіге мас болған: Төреғали өз оқиғасының желісімен полицейлер жайлы бейнеклип түсірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол туындысын полиция қызметкерлерінің күніне арнаған 

Фото: видеодан скриншот

Әнші Төреғали Төреәлі 23 маусым Қазақстан полициясының күніне арнап ән мен бейнеклип түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын»,- деп жазды әнші.

Былтыр Алматыдағы Майлин көшесінде Lexus маркалы автокөлігін есірткіге мас күйінде жүргізген Төреғали Төреәлі ұсталған еді. Сот шешімі бойынша әнші 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған болатын.

Бейнебаянды өзінің басынан өткен осы оқиға желісімен түсіріпті.