Астанада жыл басынан мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол апаты болды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Бір адам қайтыс болды

Фото: depositphotos.com

Астанада жыл басынан мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының полицейлері мопедтер мен мотороллерлерді қауіпсіз жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған. 

Жыл басынан мопед жүргізушілерінің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 адам әр түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттан 1 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ электроскутер жүргізушілерінің қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелген.