Rixos-тағы өрт: төтеншеліктер үйдің жарамсыз бөлшектерін түсіріп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Астана әкімдігі құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады

Фото: ҚР ТЖМ

Астанадағы өрттен кейін «Rixos Khan Shatyr Residences» ТК салбыраған конструкциялары алынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрттен кейін авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. ТЖД өкілдері салбырап тұрған құрылымдарды алып тастайды.

«Өрттен кейін ТК-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пәтер иелерімен кездесті. Артынан әкімдік пәтерлерді жөндеу үшін бюджет қаражаты пайдаланылмайтынын жариялады.

Видео: https://t.me/satzhangram/