Күдікті ұсталды
Алматы облысының Шамалған ауылында ер адам бірге тұратын әйелді өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шамалғанның шетіндегі шаруа қожалығының бірінде еркек пен әйел арасында жанжал шығып, соңы кісі өлімімен аяқталды. Белгілі болғаны, жанжал себебі – қызғаныш.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Күдікті ұсталып, қамалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.