Ол мемлекетке 22 млн теңге залал келтірген
Жамбыл облысында «Таза-Талас» басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ол жалған құжаттар негізінде 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатып жіберген.
«Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 млн теңгені құраған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп тексеру бастаған. Іс шеңберінде прокуратура құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлік қайтарылып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.
«Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады дереккөз.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.