Аймақта 30 гектардан аз бір батпақты учаскеде қамыс өсімдіктерінің жануы болды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің иелігіндегі «Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты» РММ аумағында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару up-MI877 тікұшағынан су төгетін құрылғымен 16 рет 80 тоннадан астам су төгілді», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің және резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 19 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ғарыш мониторингінің деректеріне сәйкес, резерваттың аумағында ашық өрт байқалмады, аумағы 30 гектардан аз бір батпақты учаскеде қамыс өсімдіктерінің жануы болды.