Ақсу қаласында әйел үшінші қабаттан құлап, ағашқа ілініп қалды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ құтқарушылары пәтерден құлаған әйелге көмекке келді

Фото: istockphoto.com

Ақсу қаласында әйел үшінші қабаттан құлап, ағашқа ілініп қалды. ТЖМ құтқарушылары оны аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді», делінген ақпаратта.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.