Елордада бөтеннің мопедін ұрлаған жасөспірім анықталды

Azattyq Rýhy

Келтірілген материалдық шығын 350 мың теңгеге бағалануда

Елордада бөтеннің мопедін ұрлаған жасөспірім анықталды
Фото: Астана қалалық ПД

Астана тұрғыны полицияға жүгініп, белгісіз біреу оның аулада тұрған мопедін алып кеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Алматы» ауданы полиция бөлімі қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы кәмелетке толмағанды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тергеу барысында жасөспірім түнгі уақытта Момышұлы даңғылымен аулада кетіп бара жатып, кілті оталғышында қалып кеткен мопедті байқағаны белгілі болды. Қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, ол «М-8» маркалы мопедті айдап әкеткен. Келтірілген материалдық шығын 350 мың теңгеге бағалануда», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Кәмелетке толмаған жасөспіріммен заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.