Қарағандыда 8 жасар қыз ашық құдыққа құлап, аяғын сындырды

Автор: Azattyq Rýhy

Құдық су құбырына да, кәріз жүйесіне де жатпайды

Фото: istockphoto.com

Қарағанды тұрғыны Енисейская көшесіндегі №27 және №29 үйлердің арасында орналасқан ашық құдыққа шағымданды. Күні кеше осы құдыққа оның сегіз жасар қызы түсіп кетіп, аяғын сындырып алған. Әйел құдықтың иесін тауып, оны жабуды талап етеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy ekaraganda.kz тілшісі.

Жақында Қарағанды қаласының Енисейская көшесінде сегіз жасар қыз бала ашық құдыққа түсіп кетіп, аяғын сындырып алды. Құдық бұрын ағашпен жабылған, бірақ қазір ашық күйде тұр.

«Енисейская көшесінде 27 және 29 үйлердің арасында құдық бар. Бұрын ол бөрене арқылы жабылған, енді ашық тұр. Бұл құдықтың иесін қалай білуге болады, қайда жүгінуге болады? Мұндай жағдайға ешқашан тап болмадым. Кеше менің сегіз жасар қызым осы құдыққа түсіп кетіп, аяғын сындырды. Бұл құдықты көму немесе жабу керек. Ағаштар немесе бөренелер көмектеспейді, өйткені оларды да алып тастай алады. Темір қақпақты металлға өткізу үшін ұрлап кетеді. Біз осы құдықты көме аламыз ба? Ол жерде балалар ойнайды, ересек адам құласа да, қайғылы жағдай болуы мүмкін», — деп жазды жәбірленуші қыздың анасы әлеуметтік желілерде.

«Қарағанды Су» компаниясы бұл құдық су құбырына да, кәріз жүйесіне де жатпайтынын және олардың балансында тұрмағанын айтты. Құдық жеке меншік аумақта орналасқан.

Senim109.kz қызметі бұл құдық жеке меншікке жататынына қарамастан, оны қақпақпен жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Бұл мәселе бойынша Senim109 қызметі «Қарағанды Су» ЖШС-на қоңырау шалды.

«Құдықтың жеке меншік аумақта орналасқанына қарамастан, болашақта басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін атқарушы орган құдықты қақпақпен жауып, айналасын топырақпен нығыздау туралы шешім қабылдады», — деп хабарлайды ведомство.

Senim109.kz қызметі орындалған жұмыстардың нәтижесі туралы кейінірек есеп беретінін уәде етті.