Субұрқаққа түсіп шомылған: Алматыда жас жігіттің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында болған 

Фото: https://t.me/kozachkow/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Әзірге жігіттің нақты неден өліп кеткені белгісіз.

Куәгерлер оның субұрқаққа шомылғанын көрген. Артынша, субұрқақтың ішінен тұрып, денесі тіп-тіке күйінде құлаған.