Өскеменде қараусыз қалған бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға қаладағы Серікбаев көшесінде болды

Фото: istockphoto.com

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың анасы үйде болған, бірақ алаңсыз қалғандықтан, баланың терезе алдына шыққанын байқамаған.

«Маскиттік тор баланың салмағын көтере алмаған. Бала ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.