Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Автор: Azattyq Rýhy

Меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот шешімімен Көлсай ш/а., №2237 уч. салынып жатқан үш ғимарат сүрілді. Меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскен.

Меншік иесіне қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-бап бойынша әкімшілік шара қабылданды.

2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылы 22 қыркүйектегі сот шешімімен бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті.