18.06.2024, 16:01
Оқиғалар
Қарағандылық жігіт сүйіктісіне гүл сыйлап, істі болды
Қылмыстық іс қозғалды
Фото: Әсет Құндақбаев
Қарағанды қаласында 23 жастағы ер азамат жалған ақшамен сауда жасағаны үшін істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігі жас жігіттің тәулік бойы жұмыс істейтін гүл сататын дүкеннің бірінде сатушылардың кезекшілігі ауысып, қарбаласып жатқан уақытын пайдаланғанын хабарлады.
«Ауысым уақытында алаяқ 20 мың жалған ақшаға гүл сатып алған. Онымен қоймай, ол жақын маңдағы асханада таңғы ас ішіп, 20 мыңдық жалған купюрасын толық теңгеге айырбастады», - деп хабарлады ПД.
Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды