Атырауда әйелінің мойнына пышақ қадап жасырынған ер адам ақыры ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жауапқа тартылды

Полицейлер Атырауда көпқабатты үйдің кіреберісінде азаматтық некедегі әйеліне пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жүргізілген кешенді іс-шаралар мен жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 9 маусымда Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қала үйлерінің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туған әйелді өлтірмек болған 1995 жылы туған күдіктіні анықтап, Ақтау қаласында ұстады», - деп хабарлады Атырау ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Еске салайық, әйелдің халі ауыр.